Астана қаласы №48 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндіктің ашылуы туралы анықтама
01.02.2018
Мақсаты: оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту, өмірдің адам үшін маңыздылығын жан - жақты ашу, өзін - өзі танып, өмірдің мәнін түсінуге, өмірге құштарлығын дамыту.
Мектептің мәжіліс залында 1 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндіктің ашылуы 1-10 сыныптар арасында салтанатты түрде өтті. Мерекелік жиында алдымен мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ибраймова Қамажай Ибраимқызы сөз сөйлеп, бұл пәннің қаншалықты маңызды екенін айтып өтті. Іс-шара барысында оқушыларға Сара Назарбаеваның өмірбаяны айтылып, Сара апамыз жайында бейнефильм көрсетіліп, оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
