«Тәуелсіздік тірегім » атты мерекелік шара өтті
14.12.2017
Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған қалалық, мектепішілік мерекелік шаралар өтті. Сол іс-шараларға №4 мектеп-гимназиясының оқушылар және ұстаздары өте зор жауапкершілікпен қарап өз үлестерін қоса білді.
14-15 желтоқсан 2017 жылы 1-11 сыныптарда «Тәуелсіздік күніне» арналған бірыңғай сынып сағаттары өтіп, «Тәуелсіздік тірегім» атты қорытынды мерекелік концертпен аяқталды. Мектеп жанындағы театр үйірмесінің оқушыларының тарихи қойылымнан басталған іс- шара мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Қашаева Айгүл Оңдағанқызының мерекелік құттықтауымен жалғасып, «Мәңгілік Ел» ұрпақтарына сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан ұжымды мерекемен құттықтады. Жиын, мектебіміздің өнерлі өрендерінің мерекелік концертіне ұласты.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
