«Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында әдеби – музыкалық кеш

01.12.2017

30 қараша күні №3 мектеп – гимназиясында 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне және Астана қаласының 20 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сыздықова С.С, Макишева З.М. және тарих пәні мұғалімі Алатаева А.К. басшылығымен «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында әдеби – музыкалық кеш өтті. Кеш барысында Қазақ тарихының ақтаңдақ беттері ақтарылды. Ақтабан болып шұбырып, Алқакөл болып сұлаған заманнан бастап, «Бесеуге» хат жазғызған Голощекин тұсындағы  Қазақ зиялыларының кешкен нәубеті, 1941 – 1945 жылдарғы адамзат қолымен жасалған қастандық, 1986 жылдың желтоқсанында «мұзға жағылған алау» қасіреті - бүгінгі күнге жетер жолдың қаншалықты ауыр болғанын еске салып қана қоймай, қымбат екенін тағы бір мәрте сездіргендей.
    Кеш  жоғары деңгейде өтті.




























Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено