"Жақсының жақсылығын айт, мерейі тасысын!" дейді халқымыз. KZ қоғамдық қорына айтар кешен балаларының рахметі бар. Жазғы демалыс бітіп, жаңа оқу жылы басталар алдында көпбалалы отбасынан шыққан кешеніміздің 10 оқушысын ЭКСПО көрмесіне саяхатқа апарып, сыйлықтарын таратып, бір серпілтіп алды. Одан соң тамыз айында көпбалалы отбасынан шыққан тағы 10 оқушымызға мектеп сөмкесі мен 10 түрлі оқу-құралын сыйлады. Онымен шектеліп қалмай қазан айында кешенімізге келіп, тағы көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 10 оқушымызды мектеп сөмкесі мен 10 түрлі оқу-құралын сыйға беріп балаларымызға қуаныш сыйлады. Алдағы уақытта кешенімізбен үздіксіз байланыста болып, көмек қолдарын созып отыратындығын айтып жеткізді. Рахмет сіздерге, KZ қоғамдық қоры!
10.11.2017


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
