«Ұстаз – ұлы есім»
04.10.2017
«Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді» демекші ұстаздар қауымының төл мерекесіне орай «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара өтті.
Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымын құттықтауға мектеп директоры Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы сөз алып ақ лебізін жеткізіп ұстаздарымызды «Мәңгілік ел» ұрпақтарына саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолындағы еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапаттады.
Мерекелік шарада мектебіміздің бүлдіршіндері өлең-шумақтарын арнап, жас ұстаздар мен оқушылар театрлық қойылым көрсетті. Кешіміз мектебіміздің мың бұралған «Еркенұр» би ансамбілі биімен және 11 сынып оқушыларының әсем әнімен жалғасты.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
