ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН» АТТЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

28.11.2017

Мектеп пен отбасының, психологиялық қызмет пен ата-ананың өзара байланысының формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын жүйелеу, үйлестіру және кіріктіру мақсатында 1- сынып оқушылары арасында  « Әкем, шешем және мен» атты жанұялық жарыс өтті. 

    Жарыс 6 түрлі бөлімнен тұрды. Сайысқа барлық  команда қатысып, сынға түсті. Ата-ана - тәрбиенің шырағы екеніне көзіміз жетті. Барлық топта әкелер аса белсенділік танытты.  Жер бетін құлпыртқан алқызыл гүлдер сияқты әр отбасы өз балаларымен іс-шараға көрік берді.  Жарысқа қатысушылар ішінде: Тайтлеуовтер, Базарбаевтар, Айтымбетовтар, Даутовтар, Айлабаевтар, Асилхановтар,  Асановтар, Тұрғын отбасылары белсенділік танытты.

     «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақыл сөз бар. Осы іс-шараны өткізу арқылы ата-ана мен мектептің ынтымақтастық педагогика шарттары, отбасы мәртебесін арттыруға ықпал ететін шығармашылық іс-әрекет жүзеге асты.

      Бала тәрбиесі бір күннің ісі емес. Олай болса болашақ ұрпақтың дамуына үлес қосатын игі шаралар жалғасын таба берері сөзсіз.

Отбасы-тәрбиенің бал-бұлағы,

Баланың жұмбақ мекен, бақ тұрағы.

Шаңырағы шаттық толы асыл мекен,

Жайқалсын жағасында көк тұрағы.



Жалпы мектебіміз өз жұмысында ата-аналармен байланыста болуды басты бағыт ретінде қарай береді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено