Жалпы ата-аналар жиналысы
10.11.2017
Мектебіміздің салтанат залында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы жиналған қауымды ІІ тоқсанның басталуымен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дакина Еркежан Төлешқызы І тоқсанның қорытындысына тоқталса, директордың бастауыш сынып бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уалиева Сандуғаш Қалиденқызы ата-аналарға жаңартылған білім беру мазмұнындағы критериалды бағалау туралы слайдтар көрсетті. Мектеп әкімшілігі ата-аналардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
