АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ!
12.10.2017Бүгін 81 "Astana English school" гимназиясында 5-10-сыныптар аралығында алтын күздің əсемдігін, күз айының ерекшелігін фото арқылы жеткізу, оқушылардың фото өнерін дəріптеу, күз мезгіліндегі құбылған бояу реңдерін көре білуге баулу, талантты жас фотографтарды анықтау, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру, өз елінің табиғатын қорғауға, қамқорлықпен қарауға жəне ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс істеуге тəрбиелеу мақсатында АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ" деген тақырыпта фото байқауы болып өтті. Байқау талабы бойынша əр сынып А 3 форматында 3 фото тапсырды. Байқау фотоның композициясы, тақырыптың ашылуы, сапасы, жанрлық ерекшелігі бойынша бағаланды. Əділқазы алқасының төрағасы Қазақстан Ұлттық телерадио корпорациясының фотографы Марат Амиров Талғатұлы жұмыстарға өз бағасын берді.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
