Таза қала – таза ауа
16.09.2017
Қыркүйек айының 16 күнгі жалпықалалық сенбілікке «№84 мектеп-лицейі» КММ де белсене атсалысты. Аталмұш шарада 5-11 сынып оқушылары белсенділік танытып, мектеп ауласын тазалау мен шөп жұлу жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып, қоршаған ортаны таза сақтауға өз үлестерін қосты. Бұл іс шара балалардың қоршаған ортаға, табиғатқа, тазалыққа деген құштарлық арттырады деген ойдамыз.
Сонымен қатар 1-сынып оқушылары мен ата-аналары мектеп ауласында «2017 жылғы 1-сыныптар» аллеясын ашты. Балалардың табиғатпен етене жақын болуы үшін маңызы зор аллеяға ата-ана, мұғалім және оқушылар бірлесіп шырша екті.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
