"Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры" атты іс-шара...

04.10.2017

      Қыркүйектің 30 күні "Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры" атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. Аталмыш кештің бағдарламасы мектептің алғашқы ашылған күнінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі тариxымен қамтылған. Кешті ұйымдастырушы 9 "Б" сынып оқушылары ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай келе, бар өнерлерін паш етті. Қара өлеңнен жыр төгіп, күмбірлетіп күй орындап, әуездете ән салып, заманауи "флешмоб" биін сынып жетекшілерімен бірге билеп залда жиналған ұлағатты ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар әйгілі "Сарыарқа" тобы мен "Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы Шаxаризат Сейдаxмет те келіп әннен шашу шашып, ұстаздарға арналған жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік кеш көптеген ұстаздар марапатталуымен жалғасын тапты. Марапаттарыңыз құтты болсын аяулы ұстаздар!!









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено