«Көңілі көтеріңкі тәрбиешінің- еңбегі де жемісті»
25.09.2017
Психологиялық тренинг
25.09. 2017 ж. сағат 15. 30 –да Астана қаласы әкімдігініің КММ «Кәсіптік техникалық колледжінің» психологы Боранбаева Г.Б , колледж тәрбиешілерімен «Көңілі көтеріңкі тәрбиешінің- еңбегі де жемісті» атты психологиялық тренинг ұйымдастырды. Тренигке жиырма бес тәрбиеші және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Р.Ұлтарақов қатысты.
Тренингтің мақсаты: тәрбиешілермен танысу, көңіл- күйлерін көтеру , өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге және шығармашылықпен жұмыс жасай білуге , өз- өзіне құрметпен қарауға баулу. Ұжымдағы сыйластық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.
Тренинг 5-бөлімнен тұрды:
1.«Таныс болайық»
- Реалаксация
- Миға шабуыл «Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы
- Жаттығу «Молекула»
- Өрмекші торы
Тренинг «Таныс болайық» , яғни әр тәрбиеші өзін таныстырумен басталып, ұжым болып үлкен өрмекші торын құрып, бір-біріне жылы лебіздер білдіру арқылы аяқталды. Қатысушылар тренингке өте белсенді қатысты. Тәрбиешілер тренингтен кейін өте тамаша көңіл- күйде екендігін білдіріп , өздеріне қажетті көптеген пайдалы ақпараттар алғандығын айтып өз алғыстарын білдірді.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
