"Жолда жүру ережесі" туралы дәріс оқылды
12.09.2017
Мектебіміздің салтанат залында 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Жолда жүру ережесі» тақырыбында дәріс өтті.№5 қалалық емханасының ұйымдастыруымен дәрісті психолог Ислам Болатхан Бахрамұлы өткізді. Оқушыларға жол апатының алдын алу, жарақат қаупін туғызатын жағдайлардан сақтану туралы айтты. Әр түрлі мысалдар арқылы түсіндіріп, бейнежазба мен слайдтар көрсетті. Оқушыларға жол апатының алдын алу туралы кітапшалар таратты.

Ұйымдастырушы педагог: Б.Болатбек
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
