Ата-аналар арасында мәнерлеп оқу сайысы

08.09.2017

                  Мектебімізде «Отбасы күні» мерекесіне орай 1-11 сынып ата-аналарының қатысуымен «Отбасы – бақыт мекені» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа жалпы жиырма үш ата-ана қатысты. Әділқазылар алқасы ата-аналардың мәнерлеп оқуына, сахна мәдениетіне, актерлік шеберлігіне баса назар аударды. Көпшілікті қоңыр дауысымен тамсандырып, ақындық қабілетімен ерекшелене түскен ата-аналар мынадай орындарға жайғасты. ІІІ орын 7 «В» сыныбының ата-анасы Қадырбаева Сәуле, 1 «Б» сыныбының ата-анасы  Жаркинбекова Кумис және 2 «В» сыныбының ата-анасы Садықова Мақпалға бұйырса, ІІ орынды 6 «Ә» сыныбының ата-анасы Амиржанова Нұргүл мен 4 «Ә» сыныбының ата-анасы Бекишева Гульзира өзара бөлісті. І орынды  5 «А» сыныбының ата-анасы Тапалова Жания алды . Бас жүлдені 9 «В» сыныбының ата-анасы­­­­­ Жұмабекова Айнагүл иеленді.



 



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шабкенова С.Ж.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено