«Мектепке жол»
01.08.2017
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы басталды. Акция мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету, қолұшын созу.
Мектебімізде кезекті жоспар бойынша оқушыларға ата-аналар қауымдастығы және қоғамдық мекемелер мен меценат демеуші болып, көмек көрсетеді.
Мектеп-лицейімізде:
- Астана қаласының білім басқармасының 26.07.2017ж №443 бұйрығы негізінде «Мектепке жол» Республикалық акциясы №59 мектеп-лицейіміздің 28.07.2017 жылғы №269 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
- «Мектепке жол» акциясының жоспар бойынша жүргізілуіне мектебімізде арнайы комиссия құрылды.
- «Мектепке жол» стендті ілінді.
- Материалдық жағдайы төмен оқушылар туралы мәліметтер жаңартылды.
- Акцияның жүргізілу барысында арнайы жоспар құрылды.
Демеушілер үшін байланыс телефрны: 50-17-95 (№59 МЛ, қабылдау бөлімі)
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
