№48 мектеп-лицей жанындағы жазғы сауықтыру «Балапан» лагерінің салтанатты жабылуы
25.06.2017
Қызығы мен шыжығы мол, оқушылар асыр салып ойнап, арқаларын кеңге салған лагерь де аяқталды. Лагерь күн тәртібі алуан түрлі болды. Танымдық іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, балалар игілігі есепке алынды. Қандай мереке ән-бисіз, музыкасыз, спортсыз өтуші еді. Осылардың әрқайсысы оқушылар өмірінің бір бөлшегі болды. Шығармашылық – бала дамуының басты шарты. Олардың талантына көңіл бөлініп, өткізілген «флешмоб», «ән», «би» байқаулары оқушылар есінде қалғаны сөзсіз. Демалыс саябағында әр түрлі ойындар да ерекше болды.
«Балалық шақ – ертегі әлемі» фестивалі де айшықты іс-шара болды. Осы игілікті іс-шаралар келесі жылы да өз жалғасын табады.



Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
