Сыңғырла, соңғы қоңырау!

25.05.2017

             25-мамыр күні мектебімізде соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы түлектерге алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан және ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруға тілек білдірді. Оқу жылын үздік бітірген оқушыларды мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы мақтау қағаздарымен марапаттады. 1-сынып бүлдіршіндері жас түлектерге өлеңдер арнады. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Мектеп түлектері қоштасу вальсін билеп, жүрекжарды тілектері мен әуезді әнін айтып, аспанға 45 шар ұшырды.

 

 

 





 



Ұйымдастырушы педагог: Бақытжан Болатбек 








 




 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено