№51 мектеп-гимназиясында 25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
25.05.2017
«Соңғы қоңырау» – бала шақтан болашаққа жолдама деп №51 мектеп-гимназиясында 25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараға мереке көркі болған – мерекенің басты кейіпкерлері –117 мектеп түлектері яғни, ақ бантикті балауса қыздар, бозбалалар, қолында гүл, жүзі – нұр ұстаздар, ата-аналар қатыстырылды. Шара сыныптарды сапқа тұрғызудан басталып, түлектердің мектеппен қоштасу хорымен аяқталды. Құрамында грант иегерлері, білім олимпиадаларының, спорт, өнер жарыстарының жеңімпаздары, «Алтын белгі», үздік аттестат үміткерлері бар көшбасшылар шеруі залды қақ жарып жүріп өтті.
Мектеп түлектерін, ұстаздар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап сөз сөйлеген мектеп директоры Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызы, мемлекетімізде білім беру саласының әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралардың көп екендігін, Елбасының биылғы Жолдауында білім беру саласын жаңғыртуға үлкен мән берілгендігін, оқушылардың жазғы демалыста тынығуына қолдау жасау және тағы басқа да игілікті шаралардың аз еместігін сонымен қатар білім беру саласының жетістіктерін атап өтті.
Мерекелік салтанаттың шырқау сәтінде соңғы қоңырау соғу рәсіміне кезек берілді. Соңғы қоңырау соққандар да залды айнала шерумен жүріп өтті.
Мерекелік кештің соңы түлектер мектеп алаңына шығып, әуе шарларын аспанға үлкен үмітпен ұшырып, қол бұлғауымен аяқталды. Мектеп ұжымы мен ата-аналар да қол бұлғап, «жолың болсын, сәт сапар» деп тілегін жаудырып қала берді. Ақ бантикті қыз қол бұлғап барады. Балалық бал дәуренге. Балалық шақтан болашаққа бағыт алып барады…
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
