Астана қаласы №61 орта мектептің «Бастауыш сыныптар» әдістеме бірлестігінде болған бастауышпен қоштасу кеші «Қош бол, сүйікті бастауыш!»

02.06.2017

Астана қаласы №61 орта мектептің «Бастауыш сыныптар» әдістеме бірлестігінде  болған бастауышпен қоштасу кеші
«Қош бол, сүйікті бастауыш!»

Мақсаты:

Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу.

19-20 мамыр күндері Астана қаласы №61 орта мектептің  4-сынып оқушылары үшін атаулы күн болды. Себебі, бұл күні олар бастауыш сыныппен қоштасып, үлкен өмірге аяқ басты.

4-сынып оқушылары білім нәрімен сусындатқан ұстаздары мен ата-аналарына арнап іс-шара ұйымдастырды. Мереке барысында оқушылар өздерін жазу, оқу мен есептеуге үйреткен пәндеріне арнап өлеңдер оқып, алғашқы ұстаздары мен ата-аналарына арнап ән-жырлар орындап, күй шертіп, әртүрлі тақырыпта көріністер қойды. Мереке соңында мұғалім оқушыларды бастауыш мектепті бітіргені туралы және ата-аналарына сыныптың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс жариялап, дипломмен марапаттады. Мереке  көңілді және жарқын көңіл-күймен өтіп, әдемі әнмен аяқталды. 

Мерекелік іс –шарадан көріністер





Директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Джабаева Элмира Куатовна 4 сынып бітіргелі тұрған оқушыларға сәт – сапар тілеуде...



 
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.



 

                                            Шара апамдай бұралып,                                              Би дегенің керемет,

                                             Биді билеп береміз.                                                    Биді жақсы көреміз.

 





Арманым боп аңсаған
Мәңгілік қалдым мекендеп
Өзіңе арнап жыр айтам
Ардақтап сізді өтем деп 


Видео новый проект 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Өтті қызық шағым,
Бастауышым - Балбұлағым

 

Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!


Қоштасу вальсі видео

 

 

 

 

 


Шаттанамын, мен бүгін шаттанамын, 
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын. 
Осы сырды үйреткен бастауышым, 
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың. 

Жастың өсті санасы, 
Елжірейді жүрегі. 
Бастауышқа бар бала, 
Алғыс айтып жүреді


 

 

видео


 

 

 

Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой - санама еккенің.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено