№74 мектеп-гимназиясындағы келелі кездесу

03.05.2017

     3 мамыр күні мектебімізде Л. Гумилев атындағы  Еуразия университетінің оқытушысы,  филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әдебиеттанушы, ақын Бекқожа Жылқыбекұлымен кездесу өтті. Бекқожа Жылқыбекұлы «Тәлім-тәрбиедегі ойдың жаңғыруы» атты дәлдік сипаты жоғары дәрісін пайымдап, өзінің осы тақырыпқа сай балаларға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Сонымен бірге қолына қалам алып жүрген жас талапкерлер өз өлеңдерін аса отаншылдық жігермен шабыттана оқып, әртістік дарындарын да көрсетті. Бекқожа Жылқыбекұлы оқушылардың сұрақтарына түйінді түрде жауап берді. Ақын өзінің өлең жинақтары мен қытай тіліне қатысты оқу құралдарын мектеп кітапханасына сыйға тарту етті. Кездесу соңында биылғы жылғы ҰБТ-ның құрылымдық жүйесіне өзгерістер енуіне байланысты қытай филологиясы мамандығы бойынша қабылданатын талапкерлерге үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.   Кездесуді қорытындылаған осы шараның тікелей ұйымдастырушысы, ағылышын тілі пәнінің мұғалімі,  8 «Б»  – сынып жетекшісі Мамбетбаева Алия Жолдыбаевна  оқушыларын шабыттандырып, Бекқожа Жылқыбекұлына зор алғыс білдірді.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено