"Жас ұлан -2017"
04.05.2017
Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің баянды 25 - жылдығына баянды тарту ретіндегі іс-шаралар арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Анықталғаны: Ұлы мерекелер қарсаңында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау 5- сыныптар арасында болып өтті.
«Мектеп! Тіктел! ҚР Әнұраны ойналсын !» - АӘД мұғалімі хабарлаған ұран сөз әр шәкірт жүрегін жаулап алды. Топ басшылары аға тәлімгерге баянат тапсырып, мемлекеттің Тудың бір бөлшегі - көгілдір түсті галстукты байлау рәсіміне мектеп директорының м. а С. Жұрымбаева қатысып, жас ұланшыларды айтулы күнмен құттықтады. Ант қабылдаған Мәңгілік Ел ұландары Отан алдындағы адалдықтарын: «Озат ойлы, рухани кемел тұлға», - боламыз деп қорытындылады.
Іс-шара соңында мектебіміздің әншісі Надир Омарғазиевтің орындауында «Көк тудың желбірегені» әні орындалды.
![]() |
![]() |
![]() |
Тәрбие ісі орынбасары Л. Аппазова
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено



