Ардагерлерге арналған концерт өткізілді
02.05.2017
№48 мектеп лицейінде «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отаның қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Осы мерекеге ардагерлер ұйымынан «Әнім Астана » ансамблі мерекелік бағдарламала ұсынып, домбырамен, баянмен күмбірлетіп ән салды.10 «А» сыныбының ұйымдастыруымен мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Мерекелік іс-шара соңында 11-ші сыныптардың оқушылары мерекелік дастархан жайды. Ардагерлеріміз өздерінің ақ баталарын беріп, ризашылығын білдірді.Жас ұрпақ әрқашан ардагерлерімізге құрметпен қарап, ұлы істерін мақтан етеді!


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
