«Біз таза қаланы қолдаймыз»

02.05.2017

     Астана қаласы №48 мектеп-лицейінде 29 сәуір күні сенбілік өткізілді.   «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты жалпықалалық сенбілік Өзін өзі басқару ұйымы ұйымдастырған флэшмобпен басталды.  Сенбіліктің жоспары бекітіліп, сыныптарға тазалайтын мектеп аймағы бекітілді.  Оқушылар мектеп ауласын, айналасын тазартып, ақтап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

    Жас ұрпақты қоғамдық-пайдалы еңбекке тарту - мектеп оқушыларының бойындағы патриоттық сезімді оятып, табиғатты аялауға үйретеді. Сенбілік соңында барлық белсене қатысқан мектептің оқушылары  мен сынып жетекшілеріне алғыс айтылды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено