«Біз салауатты өмір салтын насихаттаймыз»
25.04.2017
Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ, адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы сауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді. Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Астана қаласы №59 мектеп - лицейінде денешынықтыру сабағына және сыныптан тыс кезінде спортпен айналысуға оқушылар мен ұстаздарға жағдай жасалған. Сәуір айының 14-21 аралығында «Шығыс» балалармен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен мектебімізде балалардың спорттық ойындары Я чемпион қалалық жарысы болып өтті. 21 сәуір күні №59 мектеп – лицейінің спорт залында финалдық ақтық ойындар өткізілді. Онда мектебіміздің директоры Алма Алтынханқызы және «Шығыс» балалармен жасөспірімдер орталығының директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Галия Габдулманаповна балаларға сәттілік тілеп өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті.
Я чемпион балалар спорттық ойындарының қалалық ақтық ойындары бойынша №59 мектеп-лицейінің командасы жүлделі III-орынды жеңіп алды.
«Шығыс» балалармен жасөспірімдер орталығының директоры Н. Тяженов жарыс жеңімпаздарын құттықтап, жеңімпаз команда Республикалық жарысқа жолдама алатындығын айта кетті.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
