«Диалогтік оқыту – мотивация тудырудың негізі»
14.04.2017
Семинардың мақсаты: мектебіміздегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс -тәжірибелерімен танысу; жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен кедергілер туралы ой бөлісу. Семинарға курс тыңдаушыларымен қатар, «Өрлеу» БАОАҚ-тың тренері Баянғали Ғалымжанұлы және Білім басқармасының әдіскерлері Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы мен Куандыкова Аделя Базылбековна қатысты.
![]() |
Семинарға Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері К.І.Баяхметбаева және № 38, 42, 44, 50, 51, 64 мектептерден 20 мұғалім қатысты. «Тәжірибені зерттеу арқылы мектепте табысты көшбасшылық орнату» тақырыбындағы мектеп директордың Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызының сөзімен мектеп-гимназияның инновациялық тұрғыдағы жұмыстарымен таныстырды. Мектепті дамыту командасы құрылған. Кәсіби құзыреттілікті дамыту жолында мектепте үш мұғалім бірінші деңгей, бес мұғалім екінші деңгей және он жеті мұғалім үшінші деңгейлік курстан сертификатталған. «Тұма» желілік қоғамдастық аясында кәсіби жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Педагогикалық ұжым алты шығармашылық топқа бөлінген. Сертификатталған мұғалімдер жыл бойы тәімгерлік пен коучингтер және Lesson study тәсілімен сабақтарды зерттеп, сыныптарда оқыту мен оқу сапасын көтеру жұмыстарын жалғастыруда. Семинарға арнайы «Табысты мектеп көшбасшылығы» тақырыбында банер дайындалды. Семинарда он сабақ ұсынылды. Ақын-жазушылардың шығармаларының ішінен диалог бар жерлерімен тамашалатты,Надир мен Думанның «Әке мен бала» әні нағыз орынды болды.«Баланың ынтасын ояту үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы тиіс», - деп Ж. Аймауытов айтып кеткендей, мұғалімнің күнделікті сабақ беру ісі үнемі жаңалықтарды талап етеді.
![]() |
![]() |
Муканова Мейрамгүл Тобылжанқызы қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі 8 «А» сыныбында Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы бойынша ашық сабағын берді. Ашық сабағында оқушылар ең алдымен драма мазмұнының негізгі идеясымен танысты. Әр топқа «Әпке» драмасы бойынша драмалық қойылымды тыңдау арқылы түсіндіруші, шығармашылық сұрақтарды драманың үзіндісімен келтіре отырып, сұрақтарын қойды. Оқушылар өз еркімен төрт бұрышқа бөлініп, пікірлерін айтып шықты. Өз пікірлерін «білім аралы», «Қуаныш аралы», «Мұң аралы», «Қауіп аралына» барып білдірді. Сабақ барысында «Бауырларына қамқор жан» атты тақырыбына эссе жазды. Сабақтың соңында дискриптор бойынша бір-бірінің жұмысын тексерді. Бұл драманы оқи отырып, оқушылар өміріндегі қымбат жандардың қадірін ұғып, сыйластық, бауырмалдық қасиеттерді үйренді. Химия пәні мұғалімі Дюсенова Гуляим Амирзадановна 2016 жылы 11.04.-10.06 Мектептегі мұғалім көшбасшылығы деңгейі бойынша курстан өтіп келді. Осы қалалық семинарда 9 «А» сыныбын таңдап алды. Сабағында сәтті болған жерлері: оқушылар «Автор орындығы» әдісі бойынша үй тапсырмасына дұрыс дайындалды. Оқушылардың «спираль» әдісі бойынша топтық, жұптық жұмысында оқушылардың қызығушылығы көрініп тұрды. Оқушылармен органикалық химияға деген талпыныстарын, оқуға деген ынталарын дамыта алды. Нені өзгертуге болады? Осындай тізбектелген сабақ жоспарларында 7 модульді қолдану арқылы оқушылардың дарындылығын, білімге деген құштарлықтарын өзгертуге болады. Орыс тілі пәні мұғалімі Нуркина Гульнара Темирболатовна орыс әдебиеті пәнінен «Бауыржан Момышұлы-легендарная личность» тақырыбында өткізілген тәжірибелік сабағында диалогтік оқыту арқылы жеті модульді ұштастырып оқушылардың сыни тұрғысынан терең ойландыра отырып, үш тілді жақсы меңгерген, келешекте өз Отанын қорғаушысы болып, «Мәңгілік елдің» кірпішін қалаушысын тәрбиелеу. Блум таблицасымен құрылған ашық сабақтын табыс критерийлері жеке, толық және кейбір оқушыларға арналып Бауыржан Момышұлы жөнінде мәлімет жинап, үш тілде диалог құрып түсінік алды. Сабақ барысында «Бас бармақ» әдісі арқылы топтық жұмыстарын бағалап, ойларын аша біліп, тілдерін дамытып әр оқушының мотивациясын көтерді. Оқушылардың жасаған презентациясы, кластер жұмыстары арқылы әр оқушы Бауыржан Момышұлының батырлығын біліп, өз Отанын қорғауға даяр екені, «Мәңгілік елдің» келешекте кірпішін қалаушысы болуын дәлелдейді. Рефлексия, бағалау, жинақтау сабақ соңындағы тақырыптың жақсы ашылып және оқушылардың ойларын тереңдете білгенін көрсетіп, өз Отанын сүйетін азамат тәрбиелеп отырғанымызды дәлелдейді.Шайкенова Сауле Серикбаевна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 5 «А» сыныбына «Тіркес және дыбыс екпіні» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабағын өткізді. Сабақ шығармашылық үдерістің тиімділігін жоспарлаудың әртүрлі 3 кезеңін модельдеу арқылы өткізді. Әріптестердің пікірі бойынша сабақ жоғары деңгейде, яғни оқушылардың алған білімдерін өмір қажеттіліктеріне сай қолдану дағдыларын қалыптастыра алғанын көрсете білді. Семинарда бастауыш сынып мұғалімдері Туруспекова Айнұр Бақытпековна 1 «З» , Алшынбаева Рахима Бегмановна 3 «Ә» сыныбында оқушыларға психологиялық ахуал жасап, «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны арқылы өткен сабақты бекітті, оқушылар толық өз ойларын қаншалықты меңгергенін көрсетті. Қызығушылығын ояту мақсатында жаңа сабаққа түсу үшін ребусты шешкізді. «Тұлғаны танып біл ойынын ұйымдастыру» мақсатында өтіліп жатқан мәтіндердің авторын тани алама деген ойда жұмыс жасады. «Бутерброд» әдісі бойынша топтық, жұптық жұмысты талқылатты. «Бес,бес,бір» әдісінің мақсаты жаңа сабақтың ішінен негізігі идеяны тапқызу, «Армандар ағашы» арқылы бүгінгі сабақты түйіндеді.
Семинар соңында барлық қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, семинардың тақырыбына сай, өте тартымды, қызықты болғанын айтып, кері байланыс жасады. «Өрлеу» БАОАҚ тренерлерінің қатысуымен сабақ берген ұстаздардың тәжірибесі туралы пікірлері ортаға салынды. Мектеп басшысы Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызы семинарға қатысушы мұғалімдерге алғысын білдіріп, барлық ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тіледі. Семинарға қатысушы мұғалімдер жақсы пікірлерін білдіріп тарқасты. Ел болашағы бақытты ұрпақ десек, бала тәрбиесінің игілігі үшін басталған бағдарлама ісін табысты, жемісті ету бүгінгі заманауи, шығармашыл мұғалімнің қолында екендігін семинар барысында әр әріптесіміз ойларын тоқығандай болды. Семинарға қатысушы мұғалімдер өздерінің қатысқан сабақтары бойынша пікірлерін білдіріп, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
![]() |
![]() |
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено





