№4 АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
12.04.2017
№4 АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
- ІІ ауысым: 13 сәуір 2017 жыл – сағат 18.00-де
- І ауысым: 14 сәуір 2017 жыл – сағат 18.00-де
Тақырыбы: «Бала болашағы -қоғам болашағы»
Күн тәртібінде:
- Бала болашағы -қоғам болашағы (тренинг, дөңгелек үстел, пікірталас, сауалнама) сынып жетекші.
- Әлеуметтік желі анализі. Автоматтандырылған мониторинг бағдарламасын іске асыру және енгізу.
- Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлқының алдын-алу бағдарламасы (ЮНИСЭФ бағдарламасы).
(8-10 сынып оқушыларынан сауалнама алуға ата-аналардан келісім алу керек).
- "Астанадағы қауіпсіздік және жайлылық" жобасын іске асыру бойынша кешенді жоспарды орындау мақсатында террористік қатынаста әлсіз объектінің жетекшісі мен қызметкерлеріне антитеррорлық қорғауды қамтамасыз ету жайлы ақпарат беру.
- "Эко-Болашақ" әлеуметтік-экологиялық жобасының аясында ұйымдастырылғалы отырған макулатураны қайта өңдеу мен жинау бойынша қоғамдық акциясы ұйымдастырылып, жүргізілетіндігі жөнінде хабардар ету.
- 2017 жылдың 1 маусымында Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында музыкалық ансамбльдер мерекелік шеруінің (парад) өтілуі жайлы ақпарат беру.
- III тоқсан бойынша оқу үлгерімі қорытындысы, IV тоқсанға дайындық.
- Ағымдағы мәселелер:
- ҰБТ-ға дайындық барысы;
- мектеп формасының сақталуы;
- сабаққа кешігу фактілерін жою жолдарын бірлесе табу;
- сабақтан себепсіз қалмау мәселесі;
- оқушының мектеп ережесін сақтап жүруге ықпал ету жолдары;
- Кешкі 22.00-ден кейін оқушы қоғамдық орындарда қатаң ата-анамен ғана жүре алатындығын түсіндіру, жауапкершілікті ата-анаға жүктеу.
- ауа райының жылынуына байланысты оқушы қауіпсіздігі,( ашық жатқан люктер мен құрылыс жүріп жатқан айммақтар, т.б)
- Ата-ана оқушының күнделігін (бар/жоқ), толтырылуын (бар/жоқ) тексеру (сынып жетекшісі бағаларды апта соңында қойып отыру).
- Оқушының қосымша білім алуына жол ашу (үйірмелерге, спорттық секцияларға, пәндік қосымша сабақтарға қатыстыру.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено