«Үштілділік- заман талабы» тақырыбында өткізілген жайдарман ойыны
26.01.2017
Біздің мектеп-гимназияда «Үштіліділікті дамыту: «Өзге тілдің бәрін біл,- Өз тіліңді құрметте!» атты тілдер онкүндігінің аясында 2017 жылдың 26 қаңтар айында 9-10 сыныптар арасында жайдарман ойыны жүргізілді. Бұл сыныптардан 3 команда құрылып, өзара өнер, білім, тапқырлық сайысына түсті. Аталған ойынды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Мұстафина Ж.А., Нурушева А.К. ұйымдастырды.
Ойынның негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша білімдерін тексеру, тапқырлыққа, өз беттерінше ізденуге баулу.
Ойынға 9 «А» сынып оқушыларынан құрылған «Нағыз қазақтар» командасы, 9 «Ә» сынып оқушыларынан құрылған «Ағаштар» командасы, 10 «Ә» сыныбынан құрылған «Смешарики» командасы қатысты. Оқушылар ойынға аса жауапкершілікпен дайындалғандары байқалды.
Әр топ үш тілде өз –өздерін таныстырып, қойылымдар көрсетіп, үш тілде сұрақтар қойып, көрермендердің көңілінен шықты. Әділ қазы алқаларының қорытындысы бойынша 10-сынып оқушыларынан құралған «Смешарики» командасы І орынға иеленді, ал ІІ орынға 9 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Ағаштар» командасы ие болса, ІІІ орынға 9 «А» сынып оқушыларынан құрылған «Нағыз қазақтар» командасы иеленді. Командалар арнайы дипломдармен марапатталды және әр командаға сыйлықтар да таратылды. Әр командадан «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталғандар: 9 «А» сынып оқушысы Казимов Х., 9 «Ә» сынып оқушысы Жасұзақ С., Жадахова А.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
