9-сыныптар арасында «Біз кімбіз, нені керек етеміз және не болады?» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы
01.02.2017
Мектебіміздің салтанат залында 9-сыныптар арасында «Біз кімбіз, нені керек етеміз және не болады?» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысы өтті. Әр сыныптың көшбасшы болып жүрген оқушылары ортаға шығып, өздерінің жұмыстарымен таныстырды. 9 «А» сыныбының оқушылары дайындаған слайд көптің көңілінен шықты. 9 «Ә» сыныбының оқушылары ұйымшылдығы мен белсенділігін таныта білді. 9 «Б» сынып оқушыларының логикасы мен фантазиясы көпшілікке ұнады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шабкенова Самал Жамалиқызы да қатысып, оқушылардың көзқарасы мен пікірін тыңдады.

Ұйымдастырушы педагог: Бақытжан Болатбек
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
