«Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбына арналған лекция.
01.02.2017
2017 жылдың 28 қаңтарында мектебіміздің Акт залында «Діни экстремизм мен терроризм» профилактикасына байланысты дәріс өтті. Дәрісті мектебіміздің Әкелер қоғамының мүшесі Кусаинов Ербулан Манапович- полковник, МВД құқықтық негізге байланысты өткізілді. Дәріске жоғары сынып оқушылары 10-11 сыныптар қатысты. Дәріс бірнеше маңызыд сұрақтардан құралды: Қазақстанда қандай конфессиялар бар және олардын саны; діни экстремизммен және терроризмнің біздің елде қалай пайда болғаны жайлы; НЛП дегеніміз не оның қандай бағыттары бар. Дәріс кезінде тағы да видеороликтер көрсетті, оған: ваххабистер жайлы және олар қалай қарапайым адамдарды өз ықпалдарына түсіретін жайлы; «Адасқанда» яғни, әр үйдің асыраушысы, жалғыз ұлы бар немесе де жалғыз немересі, болашақ жұбайларының өз туған туыстарын , туған жерінен кетіп, идеологияның соңынан және топтық террористердің соңынан еріп кеткен адамдар жайында видеороликтер ұсынды.
Дәрістің соңында 10-11 сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя отырып өз сұрақтарына толық жауап ала алды.
Маңыздысы осындай «террорлық жағдайлардан діни экстремизм мүшелерінен қорғанудың 15 түрін» атап өтті.
Дәріс өте танымдық белгіде жақсы деңгейде өтті. Мектеп әкімшілігімен оқушыларына ұнады.Көптеген маңызды кеңңстерге толы болды. Мектеп әкімшілігімен оқушылар атынан Әкелер қоғамының мүшесі Кусаинов Ербулан Манаповичке алғысымызды білдіреміз.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
