« Кітап оқу күні»
25.01.2017
№ 80 мектеп-гимназиямызда 25 қаңтар күні Тілдер декадасы аясында «Кітап оқу күні» іс-шарасы болып өтті.
Мақсаты: осындай кең ауқымды іс-шаралар аясында оқушылар мен ата-аналар назарын кітап оқу мәселесіне аудару, кітап оқуға үндеу, әрбір баланың жан дүниесінде кітапқа деген қызығушылығын оятып, шығармашылық ізденістерге баулу, өздігінен білімдерін жетілдіруге көмектесу, ой өрістерін кеңейту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мектебімізде осындай іс-шараны алғаш рет өткізу бастамасын директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары М.Рахымбаевна қолға алып ұсыныс жасады. Бұл бастама бүкіл мектеп ұжымынан қолдау тапты. «Кітап оқу» күніне байланысты барлық сыныптарда түрлі іс-шаралар болып өтті. Тек оқушылар ,мұғалімдер ғана емес ата-аналар да қатысып кітап оқуға деген өз ойларын ортаға салды.
Жалпы, бүгінгідей компьютерлік технологиялар дамыған заманда адам зейінін кітапқа аударту оңай емес - дегенмен ,осындай іс-шаралар барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға алғашқы қадамдар жасалынды. Сонымен қатар,оқу сауаттылығын зерттеу идеясы туындады Мақсаты: мектебімізде оқу сауаттылығы қай деңгейде екенін байқап зерттеу болатын. Алдын-ала оқушыларға оқыған кітаптары туралы пікірлерін сарапқа салып дайындық жасау тапсырылды . Оқырман күнделіктерін жасау жолдары көрсетіліп , төмендегідей сұрақтар әзірленді .Олар :
Кітапты оқығанда өзімді қалай сезіндім?Не туралы ойладым?
Кітаптағы кейіпкерлер өмірде кезедесетін адамдар ма? Неге олай ойлайсың?
Кітаптың ең қызықты қай бөлігі туралы баяндап бере аласың?
Авторға хат жазу мүмкіндігі болса,не жазар едің?
Кітаптың ең қызықты қай бөлігі туралы баяндап бере аласың?
Авторға хат жазу мүмкіндігі болса,не жазар едің?
Іс-шара өткен күні сыныпта өз ойларын айтып,оқыған кітаптары жайлы пікірлесті.1-11 сынып оқушылары түгел өз кітаптары туралы пікірлерін альбомдар мен постерлерге дайындап алып келді. Жоғары сыныптар оқырман күнделіктерін жазды.Осы күні ата –аналар , ата-әжелер ,жас отбасылар мектеп кітапханасына жиналып бірге отбасылық сауаттылық мәселесі туралы пікірлесіп, өздері оқыған кітаптары туралы ойларын ортаға салып, отбасында кітап оқу тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп мұғалімдері де өз үлесін қосып, оқушыларға кітап оқу маңыздылығын жете түсіндірді. Осындай іс-шара өз жалғасын тауып, бір күндік емес апталық іс-шараға ұласып,жалғасын табады деген нық сенімдеміз.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено