«Әлеуметтік серіктестік –құзыретті маманды даярлаудың табысты кепілі» дөңгелек үстелі
04.01.2017
2016 жылдың 29 желтоқсаныңда «Ас-Ай кран сервис» ЖШС әлеуметтік серіктестік базасында «Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру және білім алушыларды жұмыспен қамту бойынша Көпбейінді колледж бен жұмыс берушінің ортақ жұмысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына кәсіпорын басшылары, «Ас-ай кран сервис» ЖШС, «Эрго» ЖШС, «Прокопенко» ЖК, Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК әкімшілігі, арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлерлері қатысты. Келесі сұрақтар талқыланды:
- колледж түлектері кәсіби және құзыреттілік сапасын меңгерілуі;
- оқу мекеме мен жұмыс берушінің ынтымастық формалары, жолдары және әдістері;
- арнайы пәндерді оқыту үдерісінде модульдік оқыту технологиясын қолданылуы;
Дөңгелек үстелдің отырысы бойынша алдағы ынтымастық бойынша ұсыныстар өңделді.
Қонақтар қолдан жасалған және әр түрлі фирманың диагностикалық құралдары ұсынылған көрме залын тамашалады. «Ас-ай кран сервис» басшысы В. Эрман кәсіпорын бойынша экскурсия жүргізді, дөңгелек үстел қонақтарын өндірістік цехпен таныстырды, кәсіпорынның инженерлік-техникалық ұжымның күшімен жасалған заманауи диагностикалық құралдарды көрсетті.
Қорыта айтқанда, колледж бен әлеуметтік серіктестіктің ынтымастық формалары, әдістері мен жолдарын кеңейту туралы келісімге келді, яғни бірлесе сынып-шеберін, семинарлар, дөңгелек үстел және студенттермен кездесу өткізу және өндірістік оқыту шеберлердің тәжірибесін ұйымдастыру.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
