Ұстаз –ұлағатты есім!
27.12.2016
Ұстаз –ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім –тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді, сонымен қатар ұстаздар қауымына деген құрмет арта бермек.
Сондай іс-шараның бірі 27.12.2016 жылы Білім беру басқармасы және №37 орта мектеп ұстаздарының бірігуімен ұйымдастырылды.
Бұл ұйымдастырылған іс-шара білім саласында 25 жыл еңбек етіп, мыңдаған балаларды білім нәрімен сусындатып келе жатқан бастауыш сынып ұстаздарына арналды.
Сол іс-шарада қала және республика көлемінде жалғасын табар деген ниетпен мұғалімдерге арналған ескерткіш үлгісін Білім басқармасының әдіскері Ақмоншақ Нұртазақызы мен желтоқсан оқиғасының куәгері Гүлнара Маратқызы ашты.
Мұғалімдер топтарда пионер, комсомол кездеріндегі әндерді еске түсіріп, жаңа жыл туралы өлең- тілек құрастырды. Өз ой, тілектерін жазу арқылы шыршаны безендірді.
Бастауыш сынып мұғалімдері: Нығметжанова Гүлнара Маратқызы
Искакова Марал Бариақынқызы
27.12.16 ж. Астана қаласы


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
