Оқытушылардың біліктіліктерін арттыру – өмір талабы!
20.12.2016Колледжде «Оқытушылардың біліктіліктерін арттыру – өмір талабы!» атты семинар өткізіліп, Қарағанды қ., «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің РҒӘО АҚ , «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық Орталығы АҚ» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚБАИ –да біліктіліктерін арттырған оқытушылар әріптестерінің алдында ақпарат алмасу мақсатымен баяндады.
Оқу-тәрбие процесіне кредиттік-модульдік технологияны енгізу мақсатында электрондық құжаттарды дайындау жұмысы – маңызды мәселе болып табылады. « ОӘК - кредиттік-модульдік технологияны енгізу үшін маңызды компонент» тақырыбында Ақпараттық технологиялары бойынша директордың орынбасары Тусенова С.С. сөз алды.
Тіл мамандары Нуркасымова А. Б., Искакова А. А., Бейсембина Р. Н., Ергазиева А. Б., Қазбекқызы Б., Есенгараева А. К. «Өрлеу» біліктілікті арттыруы институты ұйымдастырған алған теориялық жіне практикалық білімдерімен бөлісті.
Арнайы пәндер оқытушылары Сералимов М. Е., Каримова Г. Б., Нуржауова Н.М., Отарбаева Б.К., Байгужина Г.Н. кредиттік технологиялар мен дуальдік жүйесіне көшуінің ұйымдастырушылық –әдістемелік аспектілерін талқылап, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері мен енгізуі әдістемесі жөнінде баяндамамен Нұрманова А.Д., Наушабекова Н.А., Шакиева Н.А. сөз алып, қатысқан оқытушылардың қызығушылықтарын туғызды.
Іс-шара жоспары бойынша психолог Сералиева М.П. қатысқан оқытушылармен психологиялық тренинг өткізді.
Семинар оқытушылардың біліктіліктерін арттыру курстарында алған жаңалықтарымен бөлісу болып табылатын негізгі мақсаты жетті.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено