Халық добы жарысы

10.11.2016

    Мектебіміздің спорт залында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық!» атты акцияға байланысты 7-сыныптар аралығында халық добы жарысы өтті. Оқушылар сайысқа белсене қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Әділқазылар алқасының шешімімен барлық кезеңде ең көп ұпай жинаған 7 «В»  сынып оқушылары жүлделі І орынға ие болды. ІІ орынды 7 «Б»  сыныбының оқушылары алса, ІІІ орын  7 «Ә» сыныбының оқушыларына бұйырды. 7 «А» сыныбының оқушылары «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталды.











Ұйымдастырған: дене шынықтыру мұғалімдері




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено