Үздік шеберлер

02.11.2016

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» онкүндігі аясында бөлім оқытушылары түрлі сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырды. Соның ішінде арнайы пәндер оқытушысы Оразалина Балнұр Мұратқызының ұйымдастыруымен «Ең үздік шебер топ» атты жас аспаздар арасында сайыс өткізілді. Сондай-ақ, Билялова Карлығаш Айдарханқызының жетекшілігімен «Үстелдерді әсемдеу мен дайындау» тақырыбында керемет сайыс ұйымдастырылды. Шакиева Назгүл Аманжолқызының бастамасымен «Сиқырлы қоржын» сайысы болып өтті. Бөлімнің үздік студенттері игерген біліктерінің нәтижесі ретінде шеберлік сабақтарын өткізіп, жиналған көрермендерді тамсандырды. 
Аталған сайыстардың мақсаты - студенттердің аспаз кәсібі бойынша білімін, дүниетанымын кеңейту. Өз ойларын тиянақты жеткізе білуге, білім алушыларды ұйымшылдыққа, іскерлікке, шеберлікке, мамандықтарына деген сүйіспеншілікке баулу болатын. Ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығы дерлік өз мақсаттарына жетті. Ұйымдастырылған сабақтан тыс іс-шараларға куә болған  барша көрермен алған тамаша әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта осындай тағылымы мол үздік кештердің жалғасын табуына тілектестік білдірді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено