«Қамқоршылар» күні

24.10.2016

21 қазан 2016 жылы мектеп-лицейімізде  әр жыл сайын өтетін «Қамқоршылар» күні атап өтілді. Мақсаты: мұқтаж жандарға қол ұшын беріп отырған қамқоршы ата-аналарды дәріптеу. Мектеп-лицейімізде  әлеуметтік жағынан қорғалмаған, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеті  оқушының ата-аналары, қамқоршылары болды. Мектеп-лицейімізде тіркелген қамқоршы ата-аналарға үлкен рахметімізді айта отырып, келген қонақтарға арналған жиын, концерттік бағдарлама және  дастархан мәзірі ұйымдастырылды. Іс-шараның өтуіне ата-аналар қауымдастығы өкілдері, сонымен қатар меценаттар мен  демеушілер әр түрлі көмектерін көрсетті. Барлық қамқоршы ата-аналар рахметтерін айтып, ризашылық білдірді.



















Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено