«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы
30.08.2016 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету.
Акцияның негізгі міндеттерінің бірі – әкімдік, білім беру органы, мәслихат, меценаттар, демеушілер, бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту. Биыл акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өтті. Акция аясында қамқорлық акциясын өткізу, мектеп формасы және мектеп-жазу құралдары, оқумен қамтылмаған балаларды анықтау бойынша іс-шаралар, жаңа оқу жылына дайындалуына көмекке мұқтаж балаларға көмектесу жоспарланды. Мектепте әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, көпбалалы отбасындағы 10 балаға көмек көрсетілді. Аталмыш акцияға демеушілік көмек көрсеткен Астана қаласы Маслихат депутаты Бекішов Есенжол Түскенұлы, Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Булекпаев Ермағамбет Қабдоллаұлы қатысты. Мектеп әкімшілігі атынан Қашаева Айгүл Оңдағанқызы сөз сөйлеп, алғыс білдірді. Келген қонақтарға құттықтау сөз берілді. Шақырылған қонақтар, балалар, ата-аналар арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
