«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

21.09.2016

Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.
Тіл –халықтың жаны, сәні. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Жас ұрпақ оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре алады. Ата өсиетіне құлақ салып, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал мектебіміздің қазақ тілі мұғалімдері мен оқушылары 19 қыркүйекте мектепішілік «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты апталығын бастап кетті.

Апталық дана Абайдың балалық шағынан көрініс көрсетумен басталып, соңы домбырашылар мен қобызшылардың күйлері, көркемсөз оқушылардың өнері, жас әншілердің туған жер, туған ел тақырыбындағы әндеріне ұласты.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено