«Отбасы - тәрбиенің ұясы» атты өткізілген ата –аналар жиналысының анықтамасы
16.09.2016 Мектебімізде 16- шы қыркүйек І ауысымда оқитын оқушылардың ата – анасына, 17- ші қыркүйек ІІ ауысымда оқитын оқушылардың ата- аналарына жиналыс өтті. Ата-аналар жиналысының тақырыбы «Отбасы - тәрбиенің ұясы».
Күн тәртібінде:
1.«Отбасы – тәрбиенің ұясы». Ата – ананың бала өміріндегі алатын орны. Сынып жетекшілері бұл тақырыпты ашу үшін, түсінікті болу үшін ата – аналармен әртүрлі ойындар ұйымдастырды. Ойында ата- ана оқушы өмірінде кездесетін әртүрлі жағдаяттардан өздері оқушы болып шығуға тырысты.
Әке білек, саусағы балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады, - демекші ата – аналар жиналысында әр сыныпта ел тірегі болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани жылулық дарытар түрлі тәрбиелік іс-шаралар ата-аналармен, қоғамдық орындар қызметкерлерімен, мектеп оқушыларымен бірлесе атқарылатындығы жөнінде айтылды. «Әрбір баланың мінез-құлқы ата-ананың жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» - деп И.Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана - бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы.
3.Бұйрықпен бекітілген мектеп формасымен таныстырылды.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
