Астана қаласы бойынша №51 мектеп-гимназиясында

25.08.2016

Педагогтың білім мазмұнын жаңғыртуда қазіргі заманға лайықты кәсіби құзыреттілігінің талаптарын дамыту мақсатын көздеген«Филологиялық пән сабақтарындағы тәрбие мен оқытудағы ұлттық және әлемдік мәдени-құндылық бағдарлар» тақырыбындағы  тамыз кеңесі жаңа форматта өткізілді.

Кеңес пленарлық отырыспен басталып,  секция жұмыстарымен жалғасты.  Білім басқармасының әдіскеріБаяхметбаева Күнімбала  Ізтөлеуқызы,  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясы  орта білім институты директорының орынбасары Рақымжанов Қайыржан Алдашұлы, НЗМ ББҰПШО тренері  Абдраманова Гүлжанат  Асанқызы, Еуразия  ұлттық университеті, қазақ әдебиеті   кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидатыОмар Жәлелұлы баяндама оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Секция жұмыстары жаңа форматта  қызықты, тартысты өтті. Белсенді қатысқан  пән мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталып, сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, 51 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ұлағатты ұстаз Ильясова Қатира Ильясқызы «Халық мұғалімі» медалімен мараптталды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено