Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша өз білімін растаған 132 елордалық түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін табыстады, соның ішінде біздің мектептің түлектері Нарен Мардан, Ахметжанова Камила, Тожыбай Айбат, Жанат Нұрайым, Ержанов Нурасыл марапатталды.
17.06.2016
17 маусымда қалалық алаңда Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша өз білімін растаған 132 елордалық түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін табыстады, соның ішінде біздің мектептің түлектері Нарен Мардан, Ахметжанова Камила, Тожыбай Айбат, Жанат Нұрайым марапатталды. ҰБТ бойынша ең жоғары балл жинаған Нұрасыл Ержанов, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековке, мұғалімдерге және ата-анасына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
– Біздің «Алтын белгі» төсбелгілерімен марапатталатындардың қатарында тұрғанымыз оқу жылдарындағы еңбегіміздің нәтижесі. Біз таңдаған мамандықтардың және алдағы алатын білімдеріміздің еліміздің дамуына пайдасын тигізгенін тілеймін. Баршаға ересек өмірде ақжол тілеймін, - деді Нұрасыл Ержанов. Салтанатты марапаттау салтанаты аяқталған соң «Алтын белгі» төсбегілерінің иегерлері дәстүрлі мектеп вальсын билеп, аспанға түлектердің тілектері жазылған кептерлер мен шарлар ұшырылды. Түлектерді қазақстандық эстрада жұлдыздары да құттықтады.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
