«Барлығы үшін еңбек» бос орындар жәрмеңкесі
10.06.2016Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында 09.06.2016 жылы өткен «Барлығы үшін еңбек» бос орындар жәрмеңкесінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының түлектері болып қайтты. Бос орындар жәрмеңкесі өзінің жұмыс берушілеріменен әңгемелесуге және жұмысқа орналасуға көмегін тигізе отырып, қайтадан оқу және жаңа кәсіпті иелену мүмкіндіктері жайлы біршама ақпарат алды.
Қызмет көрсету саласы, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары, қонақ үйлер, автопарктар, ішкі істер органдары сияқты 20-дан астам жұмыс беруші ұйымдары өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. Осында студенттер мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша кеңестер алды.


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
