Мектеп бітіруші түлектерге арналған "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" салтанатты жиыны 25 мамыр күні өткізілді. Салтанатты жиынның қонақтары ретінде ата-аналар, ардагер ұстаздар қатысты.
25.05.2016Мектеп бітіруші түлектерге арналған "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" салтанатты жиыны 25 мамыр күні өткізілді. Салтанатты жиынның қонақтары ретінде ата-аналар, ардагер ұстаздар қатысты. Мектеп-лицейдің 17-түлектері "Астана" әнінің ырғағымен сынып жетекшілері Сейілова Гүлзира Серікбайқызы мен Канаева Мира Тұрдығалиқызын ортаға алып шығып, ұстаздарына гүл шоқтарын табыстады. 1-сыныптың бүлдіршіндері 11-сынып оқушыларына жүрекжарды өлең жолдарын арнады. Түлектер атынан "Алтын белгіге" үміткер, үздік оқушы Әжібекова Сымбат ыстық лебізін, ұстаздарына деген зор ризашылығын арнады. Салтанатты жиынның шешуі сәті соңғы қоңырау да бұл жылы ерекше соғылды. Қоңырау киімінде киінген 1-сыныптың 7 үздік оқушылары мен 11-сыныптың 7 үлгілі оқушылары соқты. Қоңырау биін билеген кішкентай бүлдіршіндер көпшіліктің ерекше көңілінен шықты. 11-сынып оқушылары "Бәйтерек" монументі жанында қала бойынша өткізілген жиынға қатысты.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено