М.Шаханов поэзиясынан «Болашағы мына ұлы даланың» атты жыр мүшәйрасы өтті
13.05.2016Мектебімізде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Алаш аманаты» Қоғамдық бірлестігінің Мұхтар Шаханов атындағы Халықаралық және Отандық поэзия клубы және №48 мектеп-лицейдің «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының мектеп және колледж оқушылары арасында М.Шаханов поэзиясынан «Болашағы мына ұлы даланың» атты жыр мүшәйрасы өтті. Қазақтың қайсар ақынының шығармаларын 80-нен аса оқушы оқып, жыр додасына түсті. «Жүзден - жүйрік» шыққан жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен ақынның кітаптарымен марапатталды.
Жыр мүшәйрасының ең жас қатысушысы Оңғарбек Аружан
Мүшәйраның әділқазылары О.Азанғазы, Қ.Хожамұрат, Б.Әбдуали, С.Камаева

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
