«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»
03.05.2016Халқымыздың «Бірлік болмай - тірлік болмас» деген дана сөзі бар. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі экономикалық – әлеуметтік салаларындағы тұтас жетістіктері тек бірліктің, сол бірлік арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана орын алды.
29 сәуір №73 мектеп-лицейінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» тақырыбында фестиваль- конкурс ұйымдастырылды. Әр ұлттың мәдениетін, өнерін көрсететін бұл сайысқа №52 мектеп-гимназиясы да қатысты. Оқушыларымыз өзбек халқының салт-дәстүрлерін таныстырып, «Қызыл алма» биін билеп, ұлттық тағамы - палау әзірледі. Қаланың 7 мектебі қатысқан бұл сайыста мектебіміз жақсы өнер көрсетіп, І-орынды иеленді. Сайысқа қатысқан барлық мектептер марапатталды, сонымен қатар оқушыларды дайындаған жетекші мұғалімдерге де алғыс хаттар берілді.
![]() |
![]() |
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено


