Біздің мақтанышымыз!
28.04.2016Біздің мектепте олимпиадалардың, сайыстардың жеңімпаздарын салтанатты жиында марапаттау дәстүрге айналған. Бүгін біз халықаралық «ПОНИ», «Кенгуру- математика барлығы үшін», «British Bulldog» сияқты сайыстардың жеңімпаздарын құттықтадық. Мектебімізде «ПОНИ» турнирінің нәтижелері бойынша мектепте 17 оқушы жеңімпаз және турдан 48 оқушы жүлдегер атанды. «Кенгуру – математика барлығы үшін» сайысы да өте жақсы нәтижелер көрсетті: I дәрежелі 6 диплом, II дәрежелі 11 диплом, III дәрежелі 23 диплом. Бірақ бүгінгі жиында Тбилиси қаласында өткен математикадан халықаралық ғылыми жоба сайысында қола медальға ие болған, қалалық ғылыми жобалар сайысының 2 дәрежелі дипломға ие болған жүлдегері 10 «в» сыныбының оқушысы Жусупов Абылай-ханның жеңісі ерекше аталып өтілді. Біз өз оқушыларымыздың жеңістеріне қуанамыз әрі алдағы өтетін барлық зияткерлік сайыстарда оларға тек сәттілік тілейміз!




Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
