25.04.2016ж. Эстетикалық пәндер апталығының ашылу салтанаты

26.04.2016

Эстетикалық  пәндерапталығының  ашылу  салтанатының  жоспары.

/Сахнаның сыртында оқылады/ Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. Бар ізгілік тек өнерден алынар,    Өнерменен аспанға жол салынар - Салтанатты музыканың ырғағымен сахнаға екі жүргізуші /оқушылар/ шығады.

1-жүргізуші:Қайырлы күн! Таңмен таласа оянып білім алуға асыға басып мектепті бетке алатын барша   оқушылар мен аяулы ұстаздар!. 2-жүргізуші:Армысыздар ардақты алқалы жұрт ! /ағылшын/ 1-жүргізуші: «Өнері мен спорты дамыған елдің өрісі кең» атты эстетикалық пәндер бірлестігі апталығының ашылуына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Олай болса, апталықты ашу үшін сөз гимназия директоры Г.Д.Садыковаға беріледі. /Ағылшынша/

1-жүргізуші: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп, Даналықтан қазына жүрсіз жиып, Шәкірттерді жетелеп ұлылыққа Тұғырында өмірдің тұрсыз биік, - дей келе аталмыш пәндер бірлестігінің мүшелері, яғни мұғалімдерімізді сахна төріне шақырайық..... / музыка ырғағымен мұғалімдер ортаға шығады/

            - кітапханашы:

            - сурет

            - музыка

            - дене шынықтыру

            - өзін-өзі тану

            2-жүргізуші:

            Сіздер таласпаңыздар, біз оны мына отырған оқушылардан сұрайық.

            1-жүргізуші:

            Балалар, сендер музыканы жақсы көресіңдер ме?

            - Иә! /шарды көтереді/

2-жүргізуші:

            Сурет салғанды ұнатасыңдар ма?

            - Иә! /шарды көтереді/

            1-жүргізуші:

            Өзін-өзі тану пәні сендерге ұнай ма?

            - Иә! /шарды көтереді/

            2-жүргізуші:

            Спортпен шұғылдану керек пе?

            - Иә! /шарды көтереді/

            1-жүргізуші:

            Қызықты кітап оқуды жақсы көресіңдер ме? - Иә! /шарды көтереді/

            2-жүргізуші:

            Көрдіңіздер ме, сіздер барлықтарыңыз де керек екенсіздер!

            / барлығы бірге ән айтады «Шақырады көктем»

1-жүргізуші:

            Онда біз бастаймыз! /екеуі бірге ағылшынша/

            2-жүргізуші:

            Биші қыздар, кел бері, Ортаға шық ілгері Мың бұралып билеңдер, Жастық шақтың гүлдері. 

            Ортада гимнастикалық би.

            / Гимнастикалық би/

            1-жүргізуші:

            Әдемі-ай, әдемі-ай!

            Ғажайыптар әлемі-ай

            Шіркін-ай, шіркін-ай!

            Қазағымның ғұрпын-ай

             

«Әдемі-ай» әнімен ортада әдемі қыздарыңыз 2 «А»сынып оқушысы Тусупкалиева Айзере.

 

            2-жүргізуші:

            Сен лотореядан ұтыс ұтып көріп пе едің?

            1-жүргізуші:

            Оны неге сұрадың?

            2-жүргізуші:

            Себебі, осы апталықтың ерекшелігі біз апта бойы «Өнерлото» ұтыс ойынын ойнатамыз! Билеттеріңіз ұтысты болсын!

            1-жүргізуші:

            Ән «Көңілді күн». Орындайтындар Дильназ және Жания Аубакировалар?

            / ағылшынша ән болуы мүмкін/

               2-жүргізуші:

            Қайсысы әнші, кім биші

            Талаптарын байқайық!

            Кімдер зерек, кім жылдам

            Таланттарын табайық!

            Бұны біз апталық соңында білетін боламыз!

             1-жүргізуші:

            Апталыққа белсене қатысыңыздар! Сіздерді апта бойы қызықты сайыстар, байқаулар, марапаттаулар күтуде!           

            2-жүргізуші:

Біз сіздермен қоштаспаймыз.

          1-жүргізуші: Келесі кездескенше!/ағылшынша/

Екеуі бірге: Балалар, сіздер үшін тосын сый! Қарсы алыңыздар!

Апталықтың ашылуынан көріністер:



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено