1-наурыз «Алғыс айту» күні
01.03.2016 Астана қаласы Білім басқармасының 22.02.2016 жылғы №05-02-1305 хаты негізінде 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп жариялау туралы №173 Жарлыққа қол қойылды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтуде.
Осыған орай Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде 6-11 сыныптар мен сынып жетекшілері 2016 жылдың 27 ақпанында бірыңғай Алғыс айту күні деген тақырыппен сынып сағаттарын өткізді.

Аталған тақырыпта сынып сағаттарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.С.Абубакирова аралап, оқушылардың дайындаған іс-шараларымен танысты. Атап айтар болсақ 7 «Б» сыныбы сынып жетекшісі Б.Т.Айтказинова сыныпты түрлі – түсті қағаздармен безендіріп, алғыс сөздерін жазып, көрнекіліктермен әзірлеген.

«Өмірге риза болып, алғыс айт» атты тақырыппен 10 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі К.К.Турсекеевада өз деңгейінде сынып сағатын өткізіп, тақырыпты аша білді.

7 «А» сыныбы сынып жетекшісі Г.Г.Жумагатова «Ризашылық» тақырыбын баян етті. Оқушылар жақсы дайындалған, өз ойларын еркін айтып, кімге алғыс білдіретіндіктерін қысылмай айтып отырды. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.


6 «Б» сыныбы Алғыс айту күнін топпен жұмыс жасап өткізді. Яғни сынып оқушылары үш топқа бөлініп, сайыс қызықты түрде жүргізілді. Ұйымдастырған сынып жетекшісі Г.А.Молбасова.
Елбасымыз жариялағандай тұңғыш рет 1- наурыз Алғыс айту күні біздің мектебімізде өз дәрежесінде аталып, мектеп оқушыларымен бірге іс-шаралар өткізілді.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
