«English language-is a world language» атты ағылшын тілінен апталық өтті

29.03.2016

Ақпан айының 22-27 аралығында ағылшын тілінен апталық өтті.«English language-is a world language» атты тақырыппен өткен ашылу салтанатында оқушылар ағылшын тілінде тақпақтар, өлеңдер және диалог жатқа айтты.
10 «А» сыныбында 22 ақпан күні жас маман Урашева Жанар Болатқызы «Wedding ceremony» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Үйлену тақырыбына байланысты әр түрлі тапсырмалар берілді. Сабақ өз дәрежесіне сай және қызықты өтті. Сынып оқушылары сабаққа белсене қатысты.
23 ақпан күні Мырзанова Мадина Өскенбайқызы 5 «В» сыныбымен «I think it’s beautiful» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тақырыпқа байланысты топтық тапсырмалар орындалды.
Ашық сабақтар мен қатар бірнеше сыныптан тыс іс-шаралар да өткізілді. 23-23 ақпан күні ағылшын тіліне оқушыларды қызықтыру мақсатында 6-сыныптар арасында «Travel to the knowledge land» атты сайыс өткізілді. Жауапты мұғалімдер М.А. Мырзанова және Г.Қ. Жұмақанова. Сайыста екі тілде жұмбақтар, мақал-мәтелдер және басқа да тапсырмалар болды.
24 ақпан күні Жолдаяхова Гүлдана Ақылбекқызы 9 «Б» сыныбымен «Tours you will never forget» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сыныпты топқа бөліп, оқушыларға проектілік тапсырма беріп, оны қорғатты. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
24 ақпан күні 7-сыныптар арасында Б.Т. Чолпанбаева «Brain ring» сайысын өткізді. Сайыста Қазақстан және Англия еліне байланысты сұрақтар, жұмбақтар және мақал-мәтелдер жарысы өткізілді.
24 ақпан күні 2-3 сыныптар арасында жас мамандар А.Е. Ермұханова, А.А. Молдахметова, А.Ү. Үсенбаева «I like sport» спорттық жарысын өткізді.Оқушылар спорт пен ағылшын тілін байланыстыра отырып жарысты, яғни спорттық жаттығулар орындай отырып, ағылшын тілінде тапсырмалар орындады. Сайыс қызықты өтті, және оқушылар да жақсы әсер алды.
25 ақпан күні Жұмақанова Гүлнұр Қолқанатқызы 8 «б» сыныбымен «My school day» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта мұғалім жаңа технологияның біршама элементтерін пайдаланды. Көрнекіліктер көрсетіліп, оқушылар сабаққа жақсы қатысып отырды.
25 ақпан күні Урашева Жанар Болатқызы 7 «Ғ» сыныбымен «How do you get to school» тақырыбы бойынша ашық сабақ жүргізді. Бұл сабақта мектепке қалай жетуге болады яғни көлік түрлері аталып көрсетілді. Оқушылар диалог оқып, сөйлеу қабілеттерін көрсете білді.
25 ақпан күні 1-4 сыныптар арасында А.Е. Ермұханова, А.А. Молдахметова, А.Ү. Үсенбаева «We enjoy English» сайысын өткізді. Бұл сайыста оқушылар видеороликтер жасады, қолөнер мүсіндерін жасады және өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс қызықты өткізілді.
26 ақпан күні Чолпанбаева Балнұр Төреханқызы 6 «В» сыныбымен «I want to see the Statue of Liberty» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сыныпты топқа бөліп, жарыс сабағы ретінде өткізілді.
26 ақпан күні 8-10 сыныптар арасында мектептің акт залында Г.А. Жолдаяхова, Ж.Б. Урашеваның өткізуімен «Who is the best» атты ағылшын тілінде ән айту, тақпақтар және мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Оқушылар гитарамен өлең айтты, тақпақ, мақал-мәтелдер бойынша жарысып, оларға мақтау қағаздары берілді. Оқушылар бұл сайысқа белсене ат салысты.Сайыс қызықты өткізілді.
Сонымен қатар, оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сыныптар бойынша дәлізде қоңырау кезінде ойындар ойнатылда және 10 «А» сыныбы флэшмоб ұйымдастырды.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено