Шеберлік аптасы өтті

29.03.2016

2016 жылдың 14-18 наурыз күндері тәжірибе алмасу және педагогтардың біліктіліктерін арттыру мақсатында колледждің әдістемелік қызметі ұйымдастыруымен «Шеберлік аптасы» өткізілді.
14 наурызда «Дөңгелек үстел» өткізу барысында колледж тәжірибелі оқытушылардың баяндамалары тыңдалып, талқыланды: 
Вильчик О.В., баяндама тақырыбы: «Студенттердің танымдық белсенділігін арттырудағы жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдері».
Тусенова С.С., Абельдинова Д.К. «Пән бойынша электрондық оқулықтар жасау»  атты презентация ұсынылды.
Курманалиев Б.Б., баяндама тақырыбы «Студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарына жетекшілік ету».
Касенова Г.С. «Арнайы пәндер оқыту барысында теориялық және тәжірибелік сабақтардың ұштастыруы».
Отырысқа қатысқан оқытушылар баяндамашыларға сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Тәжірибе алмасу жоғары деңгейде өтіп, студенттердің танымдық іс-әрекеттерін арттыру үшін ұсыныстар берілді.
15 наурыз - жоспар бойынша  арнайы пәндер мен жалпы білім беретін пәндер оқытушылары кіріктірілген сабақтар көрсетті: орыс тілі оқытушысы Негметжанова Н.З. мен арнайы технология пәні оқытушы Холова Л.Д. «Еттен қуырып дайындалатын тағамдар. Басқа тілден енген сөздер» тақырыбында,   химия пәні оқытушысы Бейсембина Р.Н. мен «Автомобиль құрылымы» пәні оқытушысы Исабеков М.С.  АТТ-115 тобында «Мұнай өнімдері. ІЖҚ – та жанармай жанудың процесі» тақырыбында кіріктірілген сабақтар өткізді.
17 наурыз күні экономика пәні оқытушысы Солодилова  А.П. қатысқан оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерімен  «Тиімді отбасылық бюджет» атты іскерлік ойынды ұйымдастырды.
18 наурыз күні колледждің мәжіліс залында «Колледже ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы конференцияға қалалық және республикалық оқытушылардың ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жүлдегерлері  қатысып, өз тәжірибелерін ортаға салды: Нуркасымова А.Б., Нуржауова Н.М., Курманалиев Б.Б., Байгужина Г.Н., Хайса У., Искакова А.А., Исабеков М.С., Отарбаева Б.К.
«Шеберлік аптасы» аясында өткен іс-шараға белсенді қатысқан оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено