Көктемнің алғашқы шуақты күніндегі әсерлі кеш....
08.03.2016
8 – наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана – шуақ, Ана-бақ» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кештің басын «Шаттық – 2016» байқауының Алтын медаль иегерлері мың бұралған биші қыздарымыз «Асылай» би ансамблі «Әшекейлі арулар» биімен ашып, «Бәйтерек» ансамблі өздерінің үздік туындыларын нақышына келтіріп орындады. Мектеп оқушыларынан құралған «Шабыт» театры Рахымжан Отарбаевтың «Нұр жауған ғұмыр» пьесасын орындап, көрермендер көзайымына айналды.
Мектеп директоры Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы өз құттықтау сөзін жеткізіп, «Шаттық – 2016» байқауының өнерпаз оқушылары мен жетекшілерін марапаттады.
9-сыныптың жігіттерінен құралған шығармашылық топ ана туралы өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, ұстаздарға гүл шоқтарын таратты.
«Бүлдірген» халық әнін «Көркем» триосы орындап кештің сәнін аша түсті. Кеш соңында 1-сыныптың бүлдіршіндері «Анашым, қартаймашы» әнін орындап, билерімен тәнті етті.
Құрметті Арулар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндерінде құлпыра беріңіздер!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
